Төтенше жағдайлар министрлігі БҚО аумағында Ми-8 тікұшағы апатынан қаза тапқандардың аты-жөні мен суреттерін жария етті, деп жазады inbusiness.kz
"Қазақстан ТЖМ ұжымының атынан 2023 жылғы 23 ақпанда Батыс Қазақстан облысының аумағында авиациялық оқиға кезінде қаза тапқан әріптестеріміздің туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз", - делінген министрлік хабарламасында.
Әуе апатынан қаза болғандар:
Аға бортмеханик-нұсқаушы Андосов Сиязбек Шажалиұлы
Ұшқыш-нұсқаушы Қанатов Довлетбай Сабирбайұлы
Жетекші инженер Досқалиев Жәрдем Қуанышқалиұлы
Екінші пилот Афанасьев Владимир Константинович
Еске салайық, осыған дейін Ми-8 тікұшағын пайдаланатын әуе компаниялардың қызметіне жоспардан тыс тексерулер жүргізілетіні туралы жазған болатынбыз.