АҚШ миллиардері Илон Маск Х әлеуметтік желісінде он жыл ішінде миллиондаған адамдар Neuralink ми имплантына ие бола алатынын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оның айтуынша, қазіргі компания ісі "әрі қарай да сәтті жалғасын тапса" мұндай нәтижеге жету әбден мүмкін.
Жақында кәсіпкер осымен екінші адамға Neuralink компаниясының ми импланты сәтті енгізілгенін хабарлаған болатын. Науқастың миында 400 электрод жұмыс істейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу