Ми обырымен ауыратын әйелдерге ЭКО квотасы берілмейді

850

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова осындай мәлімдеме жасады. 

Ми обырымен ауыратын әйелдерге ЭКО квотасы берілмейді

Ол ЭКО квотасын алғысы келетін әйелдердің денсаулығына ерекше назар аударылатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"18-40 жас аралығындағы әйелдер медициналық тексерістен өтіп, арнайы құрылған комиссияның жолдамасына ие болуы керек. ЭКО квотасы 1 жылға дейін жүкті бола алмаған әйелдерге ұсынылады. Әйелдердің дені сау болуға тиіс. Бізге мидың обыры бар әйелдер келеді. Оларға квота бермейміз. Себебі ағзасы процедураларды көтере алмауы мүмкін", – деді Әлия Рүстемова.

Оның айтуынша, былтыр елордаға 86, биыл 486 ЭКО квотасы бөлінді. Бүгінге дейін 385 әйелге квота берілді. Қалған квота басқа адамдарға тағайындалады.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу