Michelin 2,3 мың қызметкерін қысқартады

599

Бірақ кәсіпорындары жабылмайды.

Michelin 2,3 мың қызметкерін қысқартады

Әлемдегі ең ірі шина өндірушілердің бірі Michelin компаниясы Франциядағы кәсіпорындарында жұмыс істейтін 2,3 мың қызметкерін қысқартпақ. Бұл туралы компания өкілдері хабарлады.

Корпорация басшылығы 2,3 мың жұмыс орнын қысқарту арқылы "құрылымдарды жеңілдету және бәсекеге қабілеттілікті арттыру жоспарын" жүзеге асырмақ.
Осы орайда басшылық қызметкерлермен "әлеуметтік диалог" жүргізілетінін және ешкімнің де жұмыстан күштеп шығарылмайтынын алға тартты. Сонымен қатар кәсіпорындардың жабылмайтынын да тілге тиек етті.

Michelin компаниясының негізін 1889 жылы ағайынды Андре мен Эдуард Мишлендер қалаған. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде компания Breguet-Michelin маркалы ұшақтарды өндірген еді.

Табиғат Нұрболат

Фото: tellerreport.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу