Мичиганда шіркеуде атыс пен өрт: 4 адам қаза тапты

113

Полиция мәліметінше, қарулы қылмыскер оқиға орнында тәртіп сақшыларының оғынан көз жұмды.  

Мичиганда шіркеуде атыс пен өрт: 4 адам қаза тапты Фото: Bill Pugliano

Мичиган штатындағы Гранд-Бланк қаласында орналасқан шіркеуде атыс пен өрт болып, салдарынан төрт адам қаза тапты, тағы сегіз адам жарақат алды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Оның 40 жастағы Бертон қаласының тұрғыны Томас Джейкоб Санфорд екені анықталды.

Гранд-Бланк полициясының басшысы Уильям Регниер қылмыскердің үйінде тінту жүргізілетінін айтты. Сондай-ақ тергеушілер қылмыстың себебін анықтау үшін телефон жазбаларын зерттейді.

Алкоголь, темекі, атыс қаруы және жарылғыш заттар бюросының арнайы агенті Джеймс Даренің сөзінше, Санфорд шіркеуге бензин шашып, өрт қойған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу