Microsoft корпорациясының соңғы тоқсандағы кірісі 19%-ға өсті

694

Таза табыс көлемі 15,5 млрд доллар болды.

Microsoft корпорациясының соңғы тоқсандағы кірісі 19%-ға өсті

Microsoft корпорациясының 2021 жылдың бірінші тоқсандағы кірісі 41,7 миллиард долларға жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz компания сайтына сілтеме жасап.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 19% -ға өсті. 
Қаңтар және наурыз айлары аралығында операциялық пайда 31%-ға артып, 17 млрд долларға жетті. Таза табыс көлемі 44%-ға өсіп, 15,5 млрд доллар болды. Компанияның қаржылық көрсеткіштері сарапшылардың болжағанынан да асып түскен.

Корпорацияның бас атқарушы директоры Сатья Наделланың айтуынша, Microsoft корпорациясының мұндай қаржылық жетістікке жетуіне әсіресе "бұлтты" қызметтерге деген сұраныстың көбеюі ықпал еткен. Ол пандемия кезінде компания кірісінің арта түскенін айтты.

"Біз нарықты кеңейтіп және оған инновациялар енгізе отырып, алдағы жылдарға арнап бұлтты технологиялар жасаймыз. Соның арқасында клиенттеріміз жаңа тегеуріндерге тез бейімделе алады", – деді ол.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу