Microsoft құны 2 триллион доллардан асты

705

Сауда-саттық барысында бір күн бұрын интернет индустрияның барлық ірі компаниялары қымбаттады.

Microsoft құны 2 триллион доллардан асты Фото: reuters.com

Microsoft корпорациясының капитализациясы алғаш рет 2 триллион доллардан асты, деп хабарлайды Inbusiness.kz NASDAQ биржасының мәліметіне сілтеме жасап. Өткен жылы компания шамамен 30%-ға қымбаттаған. 

Қазіргі уақытта екі триллион доллардан астам капитализация Microsoft-тың басты бәсекелесі Apple корпорациясында ғана бар. Оныкі – 2,23 триллион доллар.
Сауда-саттық барысында бір күн бұрын интернет индустрияның барлық ірі компаниялары (Microsoft, Apple, Facebook, Amazon, Netflix, Alphabet және Nvidia) қымбаттады.

Ресми мәлімет бойынша, Microsoft акцияларының бағасы 265,51 долларға жетті. Сарапшылар компанияның құнды қағаздары алдағы уақытта тағы да қымбаттайды деген пікірде. 

Сауд Арабиясының Saudi Aramco деп аталатын мұнай компаниясының капитализациясы тарихта алғаш болып екі триллион доллардан асқан еді.  Бірақ қазіргі уақытта бұл көрсеткіш шамамен 1,9 триллион доллар деңгейінде. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу