Microsoft қызметкерлерді офлайнға шығару процесін кейінге қалдырды

546

4 қазанда Microsoft корпорациясының Редмондтағы штаб-пәтері ашылады деп жоспарланған еді.

Microsoft қызметкерлерді офлайнға шығару процесін кейінге қалдырды

Америкалық Microsoft корпорациясының бас атқарушы директоры Сатья Наделла және LinkedIn компаниясының атқарушы директоры Райан Рослански коронавирустың дельта штамының таралуы қызметкерлердің кеңселерге оралу процесіне қалай әсер ететінін талқылады. Компания пандемияға байланысты қызметкерлердің жұмыс форматын қалыпқа келтіру процесін кейінге қалдырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz корпорацияның ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"Біз 4 қазанда Microsoft корпорациясының Редмондтағы штаб-пәтері және АҚШ-тағы көптеген басқа жұмыс орындары ашылады деп жоспарлаған едік. Бірақ біз бұл жоспарымызды өзгертуге мәжбүр болдық. Эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, жұмыс орындарының ашылу мерзімін әзірге бекітпедік", – деп жазылған хабарламада.

Корпорация қызметкерлері денсаулық сақтауға қатысты ұсыныстарды негізге ала отырып, қауіпсіз түрде жұмыс істеуге мүмкін болған кезде ғана офиске оралады. Сонымен қатар Microsoft олардың кеңседе жұмыс істеуге қайта үйренісуі үшін 30 күндей уақыт береді. Оны компания өкілдері "өтпелі кезең" деп атады.

Табиғат Нұрболат

Фото: ixbt.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу