Microsoft ресейлік нарықтан айырылғысы келмейді

244

2022 жылдың ақпанынан бастап операциялық жүйе мен құжаттармен жұмыс істеу бағдарламасын жаңарту Ресей шекарасында мүмкін емес еді. 

Microsoft ресейлік нарықтан айырылғысы келмейді Фото: The Westline School

Алайда жақында Microsoft ресейліктерге Windows пен Office-ті VPN-сіз жаңартуға қайта мүмкіндік берді, деп жазады Inbusiness.kz "Известия" газетіне сілтеме жасап.

Корпорация ресейлік компаниялар үшін бұлтқа негізделген бағдарламалық өнімдерді 20 наурызда бұғаттамақ болған еді, бірақ сол күйі жоспарын іске асырмады. Енді, міне, Windows пен Office-ті VPN-сіз жаңартуға қайта мүмкіндік беріп отыр.

Соған қарағанда, сарапшылардың пікірінше, Microsoft ресейлік нарықтағы орнынан айырылғысы келмейді.

"Microsoft Ресей нарығында қалу үшін түрлі айналып өту шараларын іздеп жатқан сияқты, өйткені дәл осы нарықта қалу бірінші кезекте оларға маңызды. Компания өз мәлімдемелерінде басқаша мәлімдесе де, жеке әңгімелерде олар өздерінің бағдарламалық жасақтамаларын толық қолдауға кепілдік берді", — деп атап өтті "Русофт" қауымдастығының басшысы Валентин Макаров.

IT-дистрибьюторлардың біріндегі дереккөз компания параллель импорт арқылы сатып алынған жаңа лицензияларды сатып алуға және қосуға кедергі жасамайтынын айтты. Бұл бағдарламалық жасақтамадан тек мемлекеттік сектор ғана бас тартты, олар біртіндеп ресейлік өнімдерге ауысады. Коммерциялық кәсіпорындар сол Office қызметін пайдалануды жалғастыруда және оны пайдалануға ресми түрде тыйым салынбайынша ауыстыратын ойлары жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу