Microsoft соңғы 15 жылда алғаш рет негізгі қаріпті жаңасына ауыстыруды жоспарлап отыр

469

Енді бағдарламаға кіргенде бірінші болып осы қаріп пайдаланылады.

Microsoft соңғы 15 жылда алғаш рет негізгі қаріпті жаңасына ауыстыруды жоспарлап отыр Фото: Тэгилс

Әңгіме төркіні Aptos шрифтіне қатысты болып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz "Прайм" агенттігіне сілтеме жасай отырып. 

Microsoft бағдарламаларының бас менеджері Сай Дэниэлс соңғы 15 жыл ішінде компанияның барлық кеңсе қосымшаларының басты шрифті болған Calibri-ден неге бас тартқандарын түсіндірді: жоғары сапалы экрандардың пайда болуымен байланысты.

"Бүгін біз Aptos Word, Outlook, PowerPoint және Excel бағдарламаларында жүздеген миллион пайдаланушылар үшін жаңа әдепкі қаріп ретінде қолданыла бастағанда, осы ауқымды өзгерістердің соңғы кезеңін бастаймыз. Алдағы бірнеше айда ол біздің барлық клиенттеріміз үшін әдепкі болады", - деп жазды Дэниэлс өз блогында.

Aptos шрифті бұрын Bierstadt деп аталған. Блогта айтылғандай, оны әлемдегі жетекші қаріп дизайнерлерінің бірі Стив Маттесон жасаған. Матесон Калифорнияның Санта-Круз округіндегі сүйікті қалашығының құрметіне өзі жасаған қаріпті Биерштадттан Аптосқа өзгертті. Олони үнді тайпасының тілінде "аптос" "халық" дегенді білдіреді.

Microsoft кеңсе өнімдеріндегі Calibri-ге дейін Times New Roman мен Arial қаріптері негізгі болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу