ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы МИГ-31 типті ұшақтар бұған дейін де сыр бергенін айтады.
"Бүгінде МИГ-31 ұшақтары апат себебін анықтағанға дейін ұшудан уақытша алынды. Комиссия қорытынды шығаырп, алдын алу шараларын өткізгеннен кейін барып өзге МИГ-31 ұшақтары ұшуға жіберіледі. Апаттың шын себептерін әділ анықтау үшін тергеуге аталмыш ұшақты құрастырушы кәсіпорын мен жөндеу жүргізген компания өкілдері де тартылады. Осы типтегі ұшақтармен бұрын да оқыс оқиғалар болғанын атап өткім келеді. 16 сәуір күнгі ұшу жоспарға сай жүргізілген болатын. Ұшу құрамы әуе көкжиегімізді күзету үшін жауынгерлік кезекшілікке дайындық жүргізуі керек болған", – деді әуе қолбасшысы онлайн брифингте.
Есжан Ботақара