Миграция бойынша халықаралық ұйым смартфонға арналған "MigrantApp" қосымшасын ойлап тапты, деп хабарлайды 24.kz.
Оның көмегімен босқындар паналайтын мекенге барар жолда туындауы мүмкін қауіп-қатерден сақтана алады. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады. Белгілі болғандай, аталмыш мобильді қосымша Коста-Рикада ұсынылды. Оны Орталық Америка мен Мексика елдерінде сынақтан өткізеді. Содан кейін ғана өзге мемлекет аумақтарына таратады. "MigrantApp" қосымшасында құқықтық мүмкіндіктер, босқындарды панасына алатын жерлер, сондай-ақ гуманитарлық ұйымдар туралы ақпаратты ағылшын, испан және француз тілдерінде табуға болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу