"Мигрант" шарасы бойынша 84 адам елден шығарылды

834

7-16 маусым аралығында елордада көші-қон процестерінің криминогендік жағдайға әсерін азайту мақсатында "Мигрант" жедел алдын алу шарасы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

  "Мигрант" шарасы бойынша 84 адам елден шығарылды

Қала аумағында полиция жасақтары күшейтілді, заңсыз мигранттар мен ішкі істер органдарында уақытылы тіркелмеген тәртіп бұзушыларды анықтау мақсатында рейдтер саны артты.

Көші-қон қызметінің өткізген шарасының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 1700-ге жуық шетелдік жауапқа тартылды. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды қабылдайтын ҚР 336 азаматы елде болу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Шетелдіктердің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін 66 жұмыс берушіге айыппұл салынды. Заңнаманы бұзғаны үшін қабылдау орнына ТМД-ның 300-ден астам азаматы орналастырылды.

Сондай-ақ, қызметкерлер елден шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды анықтайды және елден жібереді. Жедел алдын алу шарасы басталғалы бері шекаралас мемлекеттердің азаматтары болып табылатын 84 заңсыз мигрант елден мәжбүрлеп шығарылды.

Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйыммен бірлесіп полиция қызметкерлері отанына 23 адамды қайтарды, оның 20-сы – Өзбекстан азаматы, 2-еуі – Әзербайжан Республикасының азаматы және бір – Ресей азаматы.

Сонымен қатар рейд барысында елден шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған 7 шетелдік ұсталды.

Полицейлер елден шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамау қылмыстық жазаланатын әрекет екенін және қылмыстық заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу