Мигранттар ағылған Сеутада қылмыс күрт өсті

222

Аймақта көші-қон дағдарысы басталғалы ұрлық пен тонау көбейіп, көшеде қақтығыстар жиілеген.   

Мигранттар ағылған Сеутада қылмыс күрт өсті Фото: AP/Antonio Sempere

Испанияның Мароккомен шекаралас Сеута қаласында қылмыс күрт өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Тұрғындар "күн батса көшеге шығуға қорқамыз" деп отыр. Кей ойын-сауық орындары жұмысын уақытша тоқтатқан.

Қазір қалада 10 мыңға жуық мигрант заңсыз жүр. Күніне небәрі 10-20 адам еліне қайтарылып жатыр. Бірнеше апта бұрын Мароккодан теңіз арқылы Испанияның осы өңіріне 70 мың босқын заңсыз кірген еді. Жергілікті билік көп ұзамай олардың жартысынан көбін еліне қайтарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу