Мигранттар мінген резеңке қайық суға кетті

957

Мигранттар мінген резеңке қайық суға кетті

Ливия жағалауында мигранттар мінген резеңке қайық суға кетіп, 35 адам ұшты-күйлі жоғалып кетті, деп жазады "Хабар 24".

Арасында 7 бала бар. Қазір мұнда іздестіру операциясы жүріп жатыр. Алайда мамандар "жоғалып кеткендердің тірі қалуы екіталай" деп қауіптеніп отыр. Құтқарушылар су көлігінің тағы 85 жолаушысын аман алып қалған. Барлығы да Африка азаматтары болған. Олар Жерорта теңізі арқылы Еуропаға жетуді жоспарлаған. Негізі, Кәрі құрлыққа ағылған босқындардың дені осы Ливия арқылы жолға шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу