Білікті дәрігердің өз есімі жалпақ жұртқа аса танымал болмауы мүмкін. Оның аты-жөні зиялы қауымның арасына атақты жазушы Михаил Булгаковтың өгей әкесі ретінде тараған. Міне, сол дәрігермен бірге бір кездері осы шаһарда Булгаковтардың отбасы да өмір сүрген.
Жалпы Булгаковтың өгей әкесі жерленген жерді, оның осы облыс орталығындағы ауруханада жұмыс істегенін және тағы басқа деректерді Жамбыл өңірінде құрылған "Обелиск" тарихи-өлкетану орталығы" қоғамдық бірлестігінің белсенділері анықтап отыр. Зерттеу жұмыстарын жүргізуге осы бірлестіктің мүшесі, журналист Галина Выборноваға Киевтен келген хат түрткі болған.
Киевтегі Андреевский түбіндегі мұражай директорынан хат келген. Онда бір кездері Жамбыл жерінде Воскресенскиймен бірге Булгаковтар отбасы өмір сүргенін жазып, дәрігер жерленген жерді табуға көмектесуді сұранған.
1940-1950 жылдары Сталин "өзгеше ойлайтын" зиялы қауым өкілдерін Қазақстанға жер аударған. Солардың арасында болған Иван Павлович Воскресенский Жамбылға келген. Бұл деректерді медицина ғылымдарының докторы, профессор, "Обелиск" ҚБ мүшесі Сағындық Ордабеков айтып берді.
Ардақ Үсейінова
Фото: m-bulgakov.ru