Михаил Дорофеев Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

1161

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Михаил Дорофеевті қабылдады.  

Михаил Дорофеев Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

Белгілі журналист Михаил Дорофеев Мемлекет басшысына отандық ақпарат кеңістігіндегі ахуал жөнінде ой-пікірін айтты, деп хабарлайды Ақорда.

Сонымен қатар әңгімелесу барысында бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, мемлекеттік ақпараттық тапсырысты тиімді жүзеге асыруға, сондай-ақ, журналистердің құқығын қорғауға қатысты мәселелер сөз болды. 

Михаил Дорофеев Қасым-Жомарт Тоқаевқа медиа-қоғамдастықтың атынан Қылмыстық кодекстің жала жабу туралы 130-бабын қылмыстық деп танымау жөнінде шешім қабылдағаны үшін алғыс білдірді.

Қазақстан Президенті телевизиядағы сапалы контентті дамытудың маңыздылығын атап өтіп, мемлекет тарапынан отандық БАҚ-қа қолдау көрсетіле беретінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу