Михаил Горбачев Бавариядағы вилласын саудаға қойды

800

Михаил Горбачев Бавариядағы вилласын саудаға қойды

Немістің ақпарат құралдары  КСРО президенті Михаил Горбачевке тиесілі жылжымайтын мүлік саудаға қойылғанын хабарлады, деп жазады rosbalt.ru.

Süddeutsche Zeitung газетінің ақпараты бойынша, Горбачев Баварияның Альпі тауы баурайында орын тепкен  Hubertus-Schlössl-дағы (Хуберт қамалы) 17 бөлмеден тұратын вилласын сатқалы жатыр.

Саясаткердің қызы Ирина Виргинская Тегернзее көлі жағалауындағы жер учаскесі мен 1908 жылы салынған үйді 10 жыл бұрын сатып алған. Вилла 7 млн еуроға бағаланып отыр.

Жақын маңда орналасқан Оберах қаласы мэрінің айтуынша, Горбачевтің бұл маңға осыдан үш жыл бұрын келіп кеткен. Жергілікті тұрғындар кеңестер одағының соңғы басшысын оған дейін көшеде және мейрамханаларда жиі кезіктіріп тұрғанын тілге тиек етіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу