Михаил Кукушкин қарсыласын 3:1 есебімен ұтты

611

Михаил Кукушкин қарсыласын 3:1 есебімен ұтты

"Дэвис Кубогы" аясында Швейцариямен кездесіп жатқан қазақстандық теннисшілер 2:0 есебімен алға шықты. Құрама ойыншылары арасындағы екінші ойында Михаил Кукушкин Адриан Бодмерді ұтты, деп хабарлайды vesti.kz.
Астанада өтіп жатқан кездесуде Михаил Кукушкин қарсыласын 3:1 есебімен ұтты. Бірінші сетте швейцариялыққа есе жіберіп, кейінгі үш сетті өз еншісіне жазды.
Қос құрама арасындағы бірінші ойында Дмитрий Попко Генри Лаксоненді ұтқан болатын. Ертең жұптық кездесуде қазақстандық  Александр Недовесов пен Тимур Хабибуллин швейцариялықМарк Андреа Хуслер және Лука Маргарола жұбымен жолығады. Қазақстандық теннисшілер жеңіске жетсе, команда ширек финалға уақытынан бұрын шығатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу