Михаил Кукушкин Президент кубогының ширек финалына шықты

297

Астанада Президент кубогы үшін "Челленджер" турнирі өтіп жатыр.

Михаил Кукушкин Президент кубогының ширек финалына шықты Фото: vesti.kz

Әлемнің 229-ракеткасы М.Кукушкин екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 639-орында тұрған жапониялық Рента Токудамен кездесті.

Қазақстандық теннисші 6:1, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Михаил Кукушкин жартылай финалға шығу үшін рейтингте 570-сатыдағы ресейлік Евгений Карловскиймен таласады.

Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко ширек финалға шыға алмады. Ол өзбекстандық Хумаюн Сұлтановқа жол берді. Есеп 7:6 (7:4), 0:6, 1:2 болған мезетте матчты жалғастырудан бас тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу