Марапаттау рәсімі 19 қыркүйекте Kazakhstan Growth Forum конференциясының аясында өткізілді.
"Бірінші кезекте біз Kaspi.kz-тің үздік компания болуына атсалысатын барлық сүйікті клиенттерімізге алғыс айтамыз. Мобильді қосымшамыздың 5 миллион пайдаланушысы бар. Сондай-ақ, Қазақстан – қолма-қол ақшасыз төлем жасау нарығының өсу қарқыны бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі. Еліміздегі қолма-қол ақшасыз жасалған төлем саны өткен жылмен салыстырғанда 200%-ға өсті. Біз осының барлығын өнімдеріміз бен сервистеріміздің ыңғайлылығын, қарапайымдылығын және тиімділігін ұнататын клиенттерімізбен бірге жасадық. Біз тарихты бірге жасайтынымызға және қолма-қол ақша экономикасын қалай электрондық және цифрлық экономикаға айналдыруға болатынын іс жүзінде көрсететінімізге сенімдімін. Біздің барлық клиенттерімізге бізбен бірге болғаны үшін алғыс айтамын!" – деді Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе марапаттау рәсімінен кейін.