Михаил Мишустин мен Роман Головченко Қазақстанға келеді

688

25-27 қыркүйек аралығында Астанадағы Экспо алаңында "Иннопром Қазақстан-2023" халықаралық өнеркәсіп көрмесі өтеді. 

Михаил Мишустин мен Роман Головченко Қазақстанға келеді Фото: tvcenter.ru

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қыркүйек айының соңында Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин мен Беларусь премьер-министрі Роман Головченконың Қазақстанға келетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

25-27 қыркүйек аралығында Астанадағы Экспо алаңында "Иннопром Қазақстан-2023" халықаралық өнеркәсіп көрмесі өтеді. Көрменің мақсаты – өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, инвестиция тарту, сауда ынтымақтастығын кеңейту және жаһандық тәжірибе алмасу.

Көрмеге Қазақстан мен Ресейдің негізгі өнеркәсіптік компаниялары, сондай-ақ Армения, Беларусь, Пәкістан, Түркия, Иран және Әзірбайжанның ұлттық экспозициялары қойылады. Мәртебелі қонақтардың – Ресей үкіметінің басшысы Михаил Мишустин мен Беларусь премьер-министрі Роман Головченконың қатысуы жоспарланған, - деді СІМ ресми өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу