Михаил Мясникович: Басшыларыңыз комиссия жұмысына көп сын айтты

673

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович БАҚ өкілдеріне Қазақстандағы кездесулер туралы ақпарат берді. 

Михаил Мясникович: Басшыларыңыз комиссия жұмысына көп сын айтты

Журналистердің сауалына жауап берген мейман Қазақстан билігінің 3 бірдей өкілімен кездескенін атады.

"Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен, Үкімет басшысы Асқар Маминмен, Сенат төрағасы Дариға Назарбаевамен кездесу өтті. Бірінші кезекте мен Қазақстан басшыларына Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысын құру жоспары туралы баяндама жасадым. Екіншіден, Қазақстан басшыларының ұсыныстары мен тапсырмаларын тыңдадым. Қазақстан өкілдеріне жан-жақты ойластырылған, жүйелі ұсыныстары мен нұсқаулары үшін алғыс айтқым келеді. Бұл аталған ұсыныстардың бәрін іс жүзінде пайдаланатын боламыз", – деген Михаил Мясникович комиссияның жұмысына Қазақстан басшылары тарапынан сын көп айтылғанын жасырмады.

"Өте ашық әңгіме болғанын айтқым келеді. Менің ойымша айтылған әңгіменің бәрі негізді болды. Ең бастысы, айтылған конструктивті ұсыныстың бәрі ықпалдастықтың тереңдеп дамуына қызмет ететін болады. Сын көп айтылды. Оның бәрі лайықты сын деп санаймын. Одан тиісті қорытынды шығаруға ниеттіміз. Нақты мен басқаратын ұйымның атына көп сын айтылды. Оның бәрін сіздерге нақтылап айта алмаймын. Одақтың ішінде сауда ағыны күрделеніп кетті деген ескерту айтылды", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу