Михаил Шайдоров Олимпиаданың гала-концертінде Джеки Чанды тәнті етті

161

Қазақстандық спортшы мұз айдынына "Кунг фу Панда" стилінде шығып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Михаил Шайдоров Олимпиаданың гала-концертінде Джеки Чанды тәнті етті Фото: Сәли Сабыров

Олимпиада ойындарының чемпионы, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Милан және Кортина-д’Ампеццо XXV қысқы Олимпиада ойындарының гала-концертінде өнер көрсетті.

Бағдарламаның соңында, әлемге танымал киножұлдыз Джеки Чан алаңға арнайы шығып, Михаил Шайдоровпен кездесіп, оған ризашылығын білдіріп құттықтады.

Еске салайық, Михаил Шайдоров 14 ақпан күні ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан жекелей сында топ жарып, ел қоржынына араға 32 жыл салып қысқы Олимпиада ойындарының кезекті алтын жүлдесін сыйлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу