Михаил Тодер: Клиника деген саудагердің дүңгіршегі емес

831

Михаил Тодер: Клиника деген саудагердің дүңгіршегі емес

20 жылдық тәжірибесі бар, Ресейдің алдыңғы қатарлы халықаралық iDent  имплантология орталығының бас дәрігері Михаил Тодер жасанды тіс жасатуда сенімді клиникаларға баруға, жеңілдіктерге сенбеуге кеңес берді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Медицинада жеңілдік жасау бір жағынан девальвация деген мағынаға саяды. Бұл салада жеңілдік деген болмайды. Бұл біздің айнымас ұстанымымыз. Клиника деген саудагердің дүңгіршегі емес, ал дәрігер саудагер емес. Бас дәрігер әрі клиниканың тең құрылтайшысы ретінде бұлай деп айтуға толық негізім бар. Жеңілдік деген жайдан-жай бола салмайды. Жеңілдік әдетте бір нәрсеге есеп құру арқылы жасалады немесе кейіннен акциялар өткізіп, жеңілдік жасау үшін бірден жоғары баға қойылады. Бұдан басқа клиниканың қызмет көрсету сапасы төмендегенде жеңілдік жасалады", - дейді маман.. 

Дәрігердің айтуынша кейбір клиникаларда емделушіге импланттың бағасы ғана айтылып, қалған қосымша қызметтер бағасын жасырып қалады. Кейіннен анықталатындай импланттан басқа қаптау, анестезия, операция сынды қосымша қызметтерге төлеу керек болып шығады. Ал олардың бағасы жасанды тістің бағасынан асып түсуі мүмкін. Ал бізде алдын ала келісімшарт жасалып, барлық қызмет түрінің құны көрсетіледі. Сондықтан емделушілер бағаның өзгеріп кетпейтініне сенімді болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу