Микроқаржы ұйымдарының активі 1 трлн теңгеге жуықтады

515

Еліміздегі микроқаржы ұйымдарының жинақталған активі 996,967 млрд теңгені құраған. Бұл туралы Қазақстандағы Микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Микроқаржы ұйымдарының активі 1 трлн теңгеге жуықтады Фото: egemen.kz

"2022 жылдың алғашқы жарты жылдығының қорытындысы бойынша микроқаржы ұйымдарының несие портфелі, резервтегі қаражатты қоспағанда, 838 млрд теңгені құрады, ал жалпы активтерінің құны 996,967 млрд теңге болды", – делінген қауымдастық таратқан ақпаратта.

1 қазандағы мәліметтерге сәйкес, елімізде 1 023 ұйымның қаржылық қызмет көрсетуге лицензиясы бар, оның 239-ы МҚҰ, 214-несие серіктестіктері және 544 ломбард. Үш жарым мыңнан астам несиелеу субъектісі өз еркімен немесе сот арқылы таратылған.

Сондай-ақ елімізде микроқаржы ұйымдарына банк лицензиясын иеленіп, банкке айналу құқы берілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу