Микроқаржы ұйымынан несие алған қазақстандықтардың жеке деректері тарап кетті

398

Қазір тиісті министрлік жоспардан тыс тексеру жүргізгелі отыр.  

Микроқаржы ұйымынан несие алған қазақстандықтардың жеке деректері тарап кетті Фото: youronlinechoices.com

Мемлекеттік техникалық қызмет Zaimer.kz микроқаржы ұйымының клиенттерінің 2 миллионнан астам жеке деректерінің таралуын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің хабарлауынша, Robo.finance платформасында жұмыс істейтін микроқаржы ұйымдары клиенттерінің 36 млн-нан астам (РФ - 23,6 млн. (zaimer.ru – 16.8 млн., adengi.ru -6.8 млн.); Филиппин-5 млн. (digido.ph); Вьетнам - 2 млн. (vietloan.vn) деректері анықталған. Сондай-ақ, мемлекеттік техникалық қызмет таратылған деректерге талдау жүргізіп, цифрлық даму министрлігі клиенттердің жеке басын анықтау нәтижелері бойынша азаматтарға EgovMobile мобильді қосымшасы арқылы тиісті хабарламалар жолдамақ.

"Цифрлық даму министрлігі Қазақстандықтардың жеке деректері тараған дерекқор операторларына қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізуді жоспарлап отыр", – деп хабарлайды ведомство.

2024 жылғы 5 наурызда "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ zaimer.kz ("МҚҰ "Робокэш.кз" ЖШС) микроқаржы ұйымының клиенттері саналатын қазақстандықтардың 2 млн.-нан астам жеке деректерінің таралуын анықтады.

Сондай-ақ, "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ таратылған деректерге талдау жүргізді, Цифрлық даму министрлігі клиенттердің жеке басын анықтау нәтижелері бойынша азаматтарға EgovMobile мобильді қосымшасы арқылы тиісті хабарламалар жолдайтын болады.

"Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 79-бабына және 641-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгенін атап өткен жөн", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу