Микроқаржылық ұйымдар лицензиялаудан өтеді

908

144 банктік емес ұйымға 166 млн теңге айыппұл салынды.  

Микроқаржылық ұйымдар лицензиялаудан өтеді

Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов микроқаржылық ұйымдарды лицензиялау тақырыбына тоқталды. Ол келесі жылдың басынан бастап тек тіркеуден өткен компаниялар жұмыс істей алатынын айтып, мұндай ұйымдарға талап күшейтілгенін ескертті. 

"2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап микроқаржылық ұйымдар нарығында алаяқтық тәуекелдердің алдын алу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес міндетті лицензиялау енгізіледі. Микроқаржылық ұйымдарды лицензиялау кезінде капиталдың құндылығы ескеріліп, басшылықтағы қызметкерлер, компания құрылтайшысы мен иесінің біліктілігі, іскерлік беделіне арнайы талаптар қойылады. Сондай-ақ, есеп беру бойынша аудиттік міндеттер жүктеледі", – деді агенттік төрағасының орынбасары.

Бұған қоса биылғы жылдың 30 наурызы мен 31 тамызы аралығында агенттік 1348 банктік емес ұйымға тексеріс жүргізген. Нәтижесінде олардың 144-іне 166 млн теңге айыппұл салынып, 122-іне жазбаша ұйғарымдар берілген. 

"Бүгінде аталған ұйғарымдарды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде", – деп түйіндеді Нұрлан Әбдірахманов. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу