Микроқаржылық ұйымдар мен банктерге 6,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

1132

Үш айдың ішінде 81 құқық бұзушылық тіркелген. 

Микроқаржылық ұйымдар мен банктерге 6,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Ұлттық банк 2019 жылдың үшінші тоқсанында микроқаржылық ұйымдар мен банктерге 6,3 млн теңге айыппұл салған. Үш айдың ішінде қаржы институттарына қатысты 73 шара қолданылған. Оның ішінде 5,1 млн теңгеге үш әкімшілік айыппұл, 69 ауызша және бір жазбаша ескерту жасалған. 

Заң бұзушылықтар несие беру бойынша қызмет көрсету, банкоматтар мен есеп шоттар, төлем жасау мен ақша аударымдары кезінде орын алған. Сонымен қатар, микроқаржылық ұйымдарға 1,2 млн теңге айыппұл салынды. Оларға қатысты 8 заң бұзушылық тіркеліп, оның төртеуіне әкімшілік айыппұл тағайындалды. Микроқаржылық ұйымдар несие беру барысында келісім-шартты дұрыс жасамай, кредиттік бюроға борышкер туралы мәліметтерді уақытылы хабарламаған. Оған қоса коллекторлық агенттіктерге де 500 мың теңге айыппұл салынды. 
"Сараптама нәтижесі, бірінші кездесуде борышкерге мәліметтер дұрыс берілмейтінін, борышкермен байланыс барысында аудио немесе видео жазба жасалмайтынын, уәкілетті органдар талап еткен құжаттар мен ақпараттар толық берілмейтінін көрсетті", – деді Ұлттық банкте. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу