Микроқаржылық ұйымдар несиелендіруді e-gov порталы арқылы жүргізбек

838

Портал арқылы несиелендіру анағұрлым жеңіл болмақ.  Мұнда кредит рәсімдеу үшін жеке сәйкестендіру нөмірі болса жеткілікті.

Микроқаржылық ұйымдар несиелендіруді e-gov порталы арқылы жүргізбек

Ал микроқаржылық ұйымдар несиелендіруді e-gov порталы арқылы жүргізбекші.  Бұл туралы нарық ойыншыларының бірі мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken TV.

Ақпаратқа сүйенсек, қазір азаматтар несие алу үшін бірнеше кезеңдік идентификациядан өтеді. Ал E-GOV арқылы бұл үрдіс анағұрлым жеңілдейді.  Яғни, кредит рәсімдеу үшін жеке сәйкестендіру нөмірі болса жеткілікті.

Қазір нарықтағы компаниялар жаңа жүйеге өтуге дайын. Тек үкіметтің рұқсатын күтіп отыр. Мамандардың айтуынша, e-gov –қа қосылуға кететін шығын миллиондаған долларға жетуі мүмкін. Ал инвестицияның қай тараптан бөлінетінін үкімет шешеді.

Айта кетейік, қазір нарықта 150 микроқаржылық ұйым бар. Олар елдегі тұтыну несиесінің 60 пайызын береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу