Микроқаржылық ұйымдардың активтері 20,6%-ға артты

679

Бұл рекордтық өсім болып есептеледі. 

Микроқаржылық ұйымдардың активтері 20,6%-ға артты

2022 жылдың бірінші тоқсанында активтер көлемі 167,8 млрд теңгеге немесе 20,6%-ға өсті, деп жазды inbusiness.kz.

Ұлттық банктің мәліметтеріне сәйкес, 2022 жылғы 1 сәуірде микроқаржылық ұйымдар активтерінің жалпы көлемі 983,2 млрд теңгені құрайды.

Несиелік портфель 59,7 млрд теңгеге өсіп, 756,2 млрд теңгеге жетті. Бірақ меншікті капиталдың жалпы сомасы әлдеқайда жоғары болды 1 қаңтардағы 243,4 млрд теңгеден 1 сәуірдегі жағдай бойынша 359 млрд теңгеге жуықтады. Тоқсандық өсім 47,5%.

Айта кететіні, елімізде тіркелген МҚҰ-лардың жалпы саны да артты. Бұрын 237 ұйым болса, қазір 246-ға жетті. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу