Микроқаржылық ұйымдардың несие беруі 38%-ға артқан

1946

Ал екінші деңгейлі банктердің шағын бизнесті несиелеуі 71,3%-ға қысқарған. 

Микроқаржылық ұйымдардың несие беруі 38%-ға артқан

Қазақстанның микроқаржылық нарығы жылдан жылға кеңейіп келеді. Мысалы, биылғы жылдың екінші тоқсанында МҚҰ-ның қарыз портфелі 10,7%-ға өсіп, 258,1 млрд теңгені құрады. Ал жыл басынан бері бұл көрсеткіштер 37,6%-ға жоғарылаған, деп хабарлайды Ranking.kz.

Жалпы алғанда елімізде микронесиелер 2016 жылдан бері тоқсанына орта есеппен 10,5%-ға өсуде. Сонымен қатар 2019 жылдың екінші тоқсанында Ұлттық банкке 165 микроқаржылық ұйым есеп берген. 

Микроқаржылық ұйымдар жеке кәсіпкерлерге белсенді түрде қолдау білдіреді. Сонымен қатар өзін өзі жұмыспен қамтыған ауыл азаматтары да МҚҰ-дан несие ала алады. Бүгінде олардың саны 2,1 млн адамға жеткен.

Қазақстандағы он ірі МҚҰ-ның ішінде Solva тауарлық маркасын ұсынып отырған "Қазқаржы Онлайн МҚҰ" ЖШС ғана интернет арқылы несие береді. Бұл еліміздің барлық өңіріне қызмет көрсетуге жол ашады. Ал ең ірі KMF қаржылық ұйымының  Қазақстан бойынша 121 бөлімшесі бар. Оның 38-і мегаполистерде орналасқан. Бұл ретте 2019 жылдың екінші тоқсанында 44,3%, яғни, 11,2 млрд теңге ең жоғары көрсеткіштерге Solva қол жеткізген. Сондай-ақ аталған ұйым қарыз алушылардың саны бойынша да алда. 

Жыл басынан бері жеке кәсіпкерлер мен өзін өзі жұмыспен қамтығандарға МҚҰ-лар берген несиелер саны артып келеді. Алайда екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлерді несиелеуі 13,6%-ға төмендеп, 2,4 трлн теңгеден 2,1 трлн теңгеге жетті. Ал екінші деңгейлі банктердің шағын бизнеске бөлген тұтынушылық несиелері 71,3%-ға қысқарып, 324 млн теңгеге тұрақтады. Осылайша микроқаржылық ұйымдар шағын және орта бизнесті несиелеу бойынша банктерге балама болып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу