Микрокредиттік нарықтың дамуына COVID-19 да кедергі емес

577

Биылғы үш тоқсандағы көрсеткішке сүйенсек, микрокредиттерді беру былтырғы жылмен салыстырғанда 12%-ға өскен. 

Микрокредиттік нарықтың дамуына COVID-19 да кедергі емес

Жылдың үшінші тоқсанындағы көрсеткіш бойынша, Қазақстанда 1038 микрокредит ұйымы тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,7%-ға аз, – деп хабарлайды finprom.kz 

Жұмыс істейтін микрокредиттік ұйымның саны былтырғымен салыстырғанда 2,5%-ға азайып, 588 бірлікті құраған. Оның ішінде белсенді жұмыс істейтіні – 353, бұл өткен жылмен салыстырғанда бар болғаны 0,6%-ға артық.

Тұрақты жұмыс істейтін микрокредиттік ұйымдардың көбі қалаларда тіркелген. Нақтырақ айтқанда, Алматыда – 77, Нұр-Сұлтанда – 38, Шымкентте – 29. 

Ал ауылдық өңірлерде бар-жоғы 41 ұйым болса, бұл көрсеткіш былтырғыдан бірден 16,3%-ға қысқарғанын байқауға болады.

Биылғы үш тоқсан ішінде елдегі микрокредиттік ұйымдар барлығы 368,6 млрд теңгенің несиесін берген, оның 98 пайызын жеке тұлғалар алған. Қарызға берілген қаражаттың 8,8 млрд теңгесі ғана заңды тұлғаларға тиесілі.

Микрокредиттік нарықтың төмендеуі екінші тоқсанда анық байқалса да былтырғы үш тоқсандағы жағдаймен салыстырғанда 11,5%-ға артқанын көруге болады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу