Қарақшы әйнекті жұдырықпен сындырып, кассир қызды суық қарумен қорқыту арқылы 200 мың теңге көлеміндегі ақшаны қолды қылған болатын. Жәбірленуші құқық қорғау органдарына шағым түсіріп, жедел іздестіру нәтижесінде күдікті ұсталды, деп хабарлайды 24.kz.
"Жедел іздестіру жұмыстары барысында Теміртау қаласының жол-патруль батальонының тобы қылмыстың ізін суытпай, 30 жасар қала тұрғынын құрықтады. Ол жасаған қылмысын толық мойындады. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 192 бабы 2 тармағы бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу