Микронесие ұйымдарының бәсекелестігі артып келеді. Жыл басынан берліген берешек көлемі 11 пайызға өскен. Былтырғы жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда биыл 8 миллиард теңгеге артық көп берілген. Ал оларды бар болғаны тек 5 компания ғана үлестіріп келеді. Қазір осы 5 орталықтың жұмысы қыза түскен. Сарапшылар азаматтардың банктерге қарағанда дәл осындай ұйымдарға көбірек жүгініп жатқанын несие шарттарымен байланыстырады. Мәселен екінші деңгейлі банктедің несие берудегі талаптары тым көп екен. Ал бұл көп жағдайда қарыз алушыға ұнамайды және ол талаптардан көбісі өте алмай жатады.
Жангүл Байдаулетова, микроқаржы орталығының директоры:
"Микроқаржы орталықтары беретін қарыздың пайыздары жоғары. Бірақ оларды банктерге қарағанда алу оңай. Бізден көбіне уақыттары тығыз, кепілге қоятын дүниесі жоқ азаматтар келіп алады. Және біз тапқан табысы бойынша арнайы анықтаманы талап етпейміз. Ал банктерде мұның барлығы керек."