Микронесие үшін 5 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді

640

Микронесие үшін 5 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ пен "KMF микроқаржы ұйымы" ЖШС Азия даму банкінен қаржы тарту аясында несие келісіміне қол қойды. 5,9 млрд теңге қаржы микроқаржы ұйымдарына өңірлердегі әйелдер кәсіпкеркерлігі мен микро, шағын бизнесті дамыту үшін бірнеше траншпен беріледі, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Бұл - Қазақстан үкіметінің мемлекеттік кепілдігімен АДБ қаражаты есебінен бөлініп отырған төртінші транш. Жалпы тартылған қаржы 72 млрд теңгені құрайды. Ол "Даму" қоры арқылы KMF микроқаржы ұйымы мен екінші деңгейлі банктерге салынады. АДБ-нан тартылатын заем аясында қор 35 млрд теңгеге несие келісімін жасады. Жақын уақытта банктермен жалпы құны 13,6 млрдтеңге болатын келісім жасалмақ.

"Микробизнесті дамыту бастапқыда ірі салымды қажет етпейді. Дегенмен, шектеулі ресурстарға қарамастан тұтынушылар қызметі нарығын дамуын жылдам да тиімді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл жобаға KMF-тың қатысуы көпшіліктің кәсіпкерлікке деген ынтасын арттырады. Бұл – жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты жұмыспен қамту мәселесін оң шешуге сеп болады. Қордың жаңарған стратегиясына сәйкес, мискроқаржы ұйымдарымен жұмысымызды арттыра түспекпіз. Алғашқы келісім-шарт та осы саладағы ең ірі ұйыммен жасалғаны бекер емес. Қаңтар айында біз МҚҰ қаржы салуды көздейтін "Даму-Микро" атты бағдарламамызды қайта жаңғырттық. Қазір осы нарықтағы кәсіпкерлерден өтінім күтіп отырмыз", - дейді "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу