Ұлан-Батырда өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында қол тіреп секіруден финалдық бәсеке аяқталды. Бұл жаттығуда бақ сынаған Милад Карими біріншіліктегі екінші жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қол тіреп секіру жаттығуының қорытындысы бойынша Карими 14.400 ұпай жинады. Бұл құрлық додасында үздік үштікке ену үшін жеткілікті нәтиже еді.
Алтын жүлдені қытайлық Минги Хуан, күмісті индонезиялық Мухаммад Апризал жеңіп адған.
Айта кетелік, Милад тағы екі жаттығу бойынша бақ сынайды. Ол керме мен гимнастикалық қоссырықтан сынға түседі. Сонымен қатар, Нариман Курбанов пен Аким Мусаев гимнастикалық ат снарядында ақтық сынға жолдама алған.