Милад Карими Азия чемпионатының финалына жолдама алды

729

Ұлан-Батырда спорттық гимнастикадан Азия чемпионатының екінші жарыс күні аяқталды.

Милад Карими Азия чемпионатының финалына жолдама алды

Қазақстандық спортшылар арасынан Милад Карими финалға жолдама алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Карими гимнастикалық кермедегі жаттығу бойынша бесінші орын иеленіп, финалға өтті. Сондай-ақ, Милад қол тіреп секіруден және гимнастикалық қоссырықтан ақтық сында өнер көрсетеді.  Кеше Карими еркін жаттығудан финалда сынға түсу мүмкіндігін алған болатын.  Айта кетелік, одан бөлек Нариман Курбанов пен Аким Мусаев гимнастикалық ат снарядындағы жаттығудан финалға өтті. Ақтық бәсеке 22 маусымға жоспарланған.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу