Милад Карими Германия бундеслигасында топ жарды

700

Қазақстандық спортшы Tv Schiltach клубының намысын қорғап, жүлдеге ілікті. 

Милад Карими Германия бундеслигасында топ жарды Фото: olympic.kz

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі Милад Карими Германия бундеслигасында сынға түсті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстандық спортшы Tv Schiltach клубының намысын қорғап, жүлдеге ілікті. 

"Мен Германия бундеслигасындағы Tv Schiltach клубы сапында өнер көрсетемін. Жақында біздің команда жеңіске жетті. Енді екінші лиганың финалдық кезеңі өтеді. Ақтық сында солтүстік және оңтүстік Германияның үздік клубтары кездеседі. Үздік шыққан команда бірінші лигаға жолдама алады", – дейді Милад. 

Айта кетелік, Милад Карими көпсайыстан 2020 жылғы Токио Олимпиадасының жолдамасына иелік етті. Ол Штутгарт қаласында өткен лицензиялық әлем чемпионатында төртжылдық додасына қатысу мүмкіндігін жеңіп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу