Милад Карими қол тіреп секіруден әлем кубогі кезеңінде күміс медаль иеленді

829

Спорттық гимнастикадан Түркияда өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде қол тіреп секіруден финалдық кезең аяқталды.

Милад Карими қол тіреп секіруден әлем кубогі кезеңінде күміс медаль иеленді

Қазақстандық Милад Карими күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Милад аталған жаттығу бойынша іріктеу кезеңін төртінші орынмен аяқтап, финалда күміс медаль иеленді. 

Алтын жүлдені канадалық Уильям Эмаард, қоланы румыниялық Габриэль Буртанете иеленді. 

Айта кетелік, Милад гимнастикалық қоссырықтағы жаттығудан да финалда өнер көрсетеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу