Австралияның Мельбурн қаласында өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Милад Карими қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Карими еркін жаттығуда үздік үштікке енді. Ол финалда 14.200 ұпай жинаған.
Алтын жүлдені Оңтүстік Корея өкілі (14.933) иеленді. Екінші орынға 14.600 ұпаймен ресейлік Кирилл Прокопьев жайғасты.
Мельбурнде Милад тағы үш снаряд бойынша финалда сынға түседі.
Айта кетелік, Милад Карими 2019 жылғы әлем чемпионатында көпсайыстан Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу