Австралияның Мельбурн қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде екінші жарыс күні аяқталды. Бүгін екі спортшымыз финалдық бәсекеге жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Милад Карими керме снарядындағы жаттығуда 5-ші орын алса, қол тіреп секіруден 6-шы орын иеленді. Бұл оның финалда өнер көрсетіне жеткілікті көрсеткіш.
Аким Мусаев гимнастикалық қоссырықтағы жаттығудан 7-ші орын иеленді. Кеше Мусаевтың ат снарядында үздік бестікке еніп, финалға өткенін айта кеткен жөн.
Сондай-ақ, қыздар құрамасының мүшесі Аида Бауыржанова еркін жаттығудағы іріктеу сынында 8-ші орын иеленіп, финалға жолдама алып отыр.
Ақтық сында Милад Карими керме мен қол тіреп секіруден, Аким Мусаев ат пен гимнастикалық қоссырықтан, Аида Бауыржанова еркін жаттығудан жүлдеге таласады.