Милад Карими мен Фарух Набиев Түркиядағы әлем кубогі кезеңіне қатысады

592

9 қыркүйек күні Түркияның Мерсин қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңі басталады деп хабарлайды Olympic.kz.  

Милад Карими мен Фарух Набиев Түркиядағы әлем кубогі кезеңіне қатысады

Аталған сынға Қазақстан атынан екі спортшы қатысады. Олар – Милад Карими мен Фарух Набиев. 

Бұл Карими үшін Токио Олимпиадасынан кейінгі алғашқы ірі жарыс болмақ. Ал Фарух Набиев өткен аптада Словенияның Копер қаласында өткен кубоктік кезеңде жүлдеге ілікті. 

Ол қоссырықтағы жаттығудан күміс медаль иеленген еді. 

Түркиядағы әлем кубогі кезеңі 13 қыркүйекке дейін жалғасады. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу