Милад Карими спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде үздік үштікке енді

671

Милад Карими Дохада өтіп жатқан спорттық гимнастика бойынша әлем кубогі кезеңінде қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Милад Карими спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде үздік үштікке енді

Отандасымыз гимнастикалық керме бойынша жаттығуды сәтті орындап, үздік үштік қатарынан көрінді. Аталған санат бойынша кипрлік Мариос Гиоргиу топ жарса, бразилиялық Артур Мариано екінші орынға тұрақтады. 

Айта кетерлігі, Милад Карими қол тіреп секіруде жетінші, ал қоссырық бойынша жаттығуда төртінші болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу