Милад Карими спорттық гимнастикадан үш жаттығу бойынша финалға шықты

746

Токио Олимпиадасында спорттық гимнастикадан іріктеу турнирі аяқталып, финалға өткен спортшылар есімі белгілі болды. Олардың қатарында қазақстандық Милад Карими де бар деп жазады inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап. 

Милад Карими спорттық гимнастикадан үш жаттығу бойынша финалға шықты

Милад Карими үш жаттығу бойынша финалға жолдама алды. 

Ол гимнастикалық кермедегі жаттығу бойынша іріктеуде 14.766 ұпай жинап, екінші нәтиже көрсетті. 

Еркін жаттығуда 8-ші орын иеленіп, финалға жолдама алды.  Сондай-ақ, көпсайыс бойынша 20-шы орынға тұрақтап, Токио Олимпиадасының финалдық кезеңіне өтті. 

Осылайша, қазақстандық гимнаст үш финалда бақ сынайды. Көпсайыстан финалдық сын 28 шілдеге, еркін жаттығудан финалдық бәсеке 1 тамызға, гимнастикалық кермедегі финал 3 тамызға жоспарланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу