Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Томпиева италиялық "NEOS" әуе компаниясының өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Алматы және Милан қалалары арасында халықаралық әуе рейстерін ашу туралы келісім жасады.
Милан – Алматы – Милан бағытындағы тұрақты әуе рейстері биылғы жылдың 12 маусымынан басталады деп күтілуде. Жолаушылар тасымалы әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері Boeing 737 және 787 әуе кемелері арқылы жүзеге асырылмақ.
Сондай-ақ кездесу барысында тараптар тікелей әуе рейстерінің ашылуы мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықтың одан әрмен дамуына тигізетін маңызына назар аударды.