Жарыс жолына Қазақстан командасы сапынан Дінмұхаммед Райымқұл, Роман Иванов, Шерзод Хаширбаев және Асан Асылхан шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Назарыңызға олардың іріктеудегі жоғарғы ұпайы мен нәтижесін ұсынамыз:
- Роман Иванов 105.75 балл (13-орын)
- Шерзод Хаширбаев 98.67 балл (16-орын)
- Асылхан Асан 93.21. балл (18-орын)
- Дінмұхаммед Райымқұл 90.50 балл (19-орын)
Барлығы іріктеуге 25 спортшы қатысты.
Айта кетейік, финалға алғашқы іріктеуде үздік 6, екінші кезеңде көп ұпай жинаған тағы 6 фристайл шебері жолдама алды. Алғашқы финал бүгін Астана уақытымен сағат 17:30-де басталады.
Енді ертең аралас командалық сайыста (микст) Қазақстан командасы сынға түседі. Әр құрама сапында 2 ер, 1 әйел фристайл шебері болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу