Миланда су тасқыны: қаланың барлық аудандары су астында қалды

400

Дауыл салдарынан Комо өзені арнасынан асқан.

Миланда су тасқыны: қаланың барлық аудандары су астында қалды Фото: euronews.com

Сейсенбі күні түнде және таңертең Италияның солтүстігіне күшті дауыл салдарынан Комо көлі арнасынан тасып, Милан орталығын су басты, деп хабарлайды inbusiness.kz Euronews басылымына сілтеме жасап.

Қалалық қауіпсіздік кеңесінің мүшесі Марко Гранеллидің хабарлауынша,  екпінді жел ағаштарды тамырымен жұлған, құрылыс сатылары құлап, шатырлар жұлынған. Сақтық шарасы ретінде құлаған электр желілерін жөндеу жұмыстары жүргізілгенше, қаланың бірнеше жерінде электр қуаты сөндірілді.

Нөсер жауыннан орталық Италиядағы Тоскана да зардап шекті.

Комо, Монса, Брианца және Милан муниципалитеттері арқылы өтетін Севезо өзені де арнасынан тасыды.

Миланның кейбір аудандарына бару мүмкін емес. Әлеуметтік желідегі жазбаларға сүйенсек, жергілікті метро станциясының баспалдақтарынан су ағып, жаяу жүргіншілер қатты жел кезінде біреуі құлап жатса, енді біреулері бағаналарға жабысып тұрған.

Айта кетейік, аптаның соңына дейін бүкіл Италияда жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу