Миллениалдар мен зумерлер жұмыс ауыстырудан қорықпайды

505

Әлемдегі жұмыс күшінің көп бөлігін Интернет буыны (1990-2010жж.) мен миллениалдарға (1980-1990жж.) жататын 18-41 жас аралығындағы адамдар құрайды. 

Миллениалдар мен зумерлер жұмыс ауыстырудан қорықпайды

Зумерлер мен миллениалдардың 49%-ы биыл жұмыс орнын өзгертуге дайын, деп жазады inbusiness.kz Microsoft Work Trend Index 2022 зерттеуіне сілтеме жасап.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, миллениалдар мен зумерлер жұмыспен байланысты өзгерістерді қолдайды. Мысалы, олардың 49%-ы гибридті жұмыс моделін, ал 46%-ы қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігін қарастыруға дайын. Сонымен қатар олар уақыт, жұмыс орнын таңдау еркіндігіне басымдық береді.  

Миллениалдар мен миллениалдардан кейінгі буын өкілдері үшін жалақы және жұмыс орнындағы жағымды корпоративтік мәдениет маңызды екен. 

Тағы бір қызықты жайт, екі ұрпақ өкілдері жұмыстан кетуден қорықпайды. Еуропадағы респонденттердің жартысына жуығы (49%) биыл жаңа жұмыс қарастыруға дайын екендігін, ал 31%-ы қашықтан істейтін жұмысқа көшуі мүмкін екендігін атап өткен.

Сол себепті де HR мамандары мен бизнес көшбасшылары жоғарыда аталған ерекшеліктерді ескере отырып, жұмыс әдістерін бейімдеуі керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу