Біріккен араб әмірлігінің үш миллиардері өз дәулетінің тең жартысын қайырымдылыққа жұмсады, деп хабарлайды kazislam.kz.
Дәулеті тасыған әмірлік азаматтары өз байлықтарының үлкен бөлігін қайырымдылыққа берген 14 филантроп қатарына енді.
Айта кету керек, осы жолы қайырымдылық ісіне үлес қосқан миллиардердің бірі - Шамшер Ваялил. Ол әлемдегі ең дәулетті адамдардың бірі, VPS Healthcare аурухана, дәріхана мен клиника желілерінің негізін қалаушы. Оның дәулеті 1,5 миллиард долларға бағаланады.
Акцияға үлес қосқан екінші дәулетті кісі доктор - Б.Р.Шетти UAE Exchange, Travelex және Xpress Money желілеріне кіретін Finablr қаржы ұйымын басқарады. Оның дәулеті – 4,1 миллиард доллар.
Бадр Джафар — Crescent Enterprises отбасылық бизнес қожайыны, оның иелігіне Crescent Petroleum мұнай кәсіпорны кіреді.
Қазіргі уақытта әлем бойынша 22 мемлекетте қайырымдылыққа белсенді қатысушы 183 меценант бар.